«Алматы су» 4 күнге су тоқтайды деген қауесетті жоққа шығарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – WhatsApp желісінде тараған «Алматы су» МКК 4 күнге дезинфекцияға жабылады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы кәсіпорынның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда су үзіліссіз берілетін болады. WhatsApp арқылы тараған 4 күнге жабылады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ауыз су бұл уақытта тоқтамайды», - деді кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

Қала тұрғындары жоспарлы жөндеу жұмыстарының уақыты туралы ақпаратты almatysu.kz сайтынан көре алады.


Соңғы жаңалықтар