Алматы студенттері Мұқағалидың ескерткіші жанында жырдан шашу шашты (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуына орай Мұқағали оқулары өтті. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ұйымдастырған мәдени шараға студенттер қатысты.

Олар ақын ескерткіші басында жауһар жырдан шашу шашты. Жалынды жастарға тіпті қыстың суығы мен қардың жауғаны әсер еткен жоқ деуге болады.

«Бүгін менің туған күнім...» атты дәстүрлі Мұқағали оқуларына университет ұжымы, студенттерден бөлек белгілі ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Оразақын Асқар ақын туралы естелік айтса, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы Төрағасының орынбасары Маралтай Райымбекұлы жалынды жырын оқып берді.

Қыздар университеті проректоры Баходир Азимджонұлы пен ақын Оразақын Асқар ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды.

«Жастарымыздың білімді, білікті болып қалыптасуына, олардың өз елінің шынайы патриоттары болып ержетуіне «Мұқағали оқуларының» тигізетін маңызы зор деп білемін. Қазақ поэзиясының Хантәңірі Мұқағали өлеңдерінен әрбір оқырман өзін табады, толқиды, тамсанады. Психологиялық мәнінің тереңдігі, адамзат баласының небір көңіл-күйі суреттеліп, көз алдына әдемі бір елес қылаң бергендей болады. Поэзия мерекесін ұйымдастыру Қыздар университеті оқ бойы озық тұр деуге болады. Студенттеріміз ақын өлеңдерін оқудан алдына жан салмайтындығымен мақтана аламыз», деді Қыздар университетінің бірінші проректоры Б. Алиев.

Расымен де, Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті студенттері Мұқағали жырларын ана тілінде оқумен қатар, орыс, ағылшын, парсы, қытай тілдерінде тебірене оқып шықты. Сонымен қатар, ақынға арнаған жүрекжарды туындыларын тарту етті.
null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар