Алматы студенттері майдангерлер алдында сап түзеп өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда колледж студенттері Жеңіс күніне орай ардагерлер алдында соғыс туралы  әндерді шырқап, сап түзеп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Динамо» стадионында өткен салтанатты шараға майдангерлер, интенационалист жауынгерлер, тыл ардагерлері шақырылды.

 «Негізінен колледждің 1-2 курс студенттері қатысты. Олар тек қана сапқа тұру тәртібін ғана көрсетпей, сол замандағы киім үлгілерін де паш етті. Бұл киімдерді Алматы сән және дизайн колледжінің студенттері жаңғыртты. Аталған шара жастар арасында патриоттық сезімді оятуға, сарбаздардың рухын еске алуға, жеңіс жолында жанын құрбан еткен азаматтардың рухына тағзым етуге бағытталған», - деді қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің жасөспірімдер ісі бойынша бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева.

Мемлекеттік Әнұран орындалып болған соң қатысушылар сап түзеген күйі бірнеше әскери әндерді шырқады.

Келген ардагерлер жастарға батасын берді.

nullnullnullnullnullnullnull 

Соңғы жаңалықтар