Алматы стратегия және бюджет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Нұртас Қайыров Алматы қалалық стратегия және бюджет басқармасының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұртас Қайыров 1979 жылы 9 мамырда туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және Алматы үздіксіз білім беру университетін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы бастаған. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің «Ақпараттық есептеу орталығы» РМК-да, Экономикалық даму және сауда министрлігінің жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да, «Қазақстанның инвестициялық қоры», сондай-ақ кәсіпкерлік саласында жұмыс істеді.
2016 жылдан 2019 жылға дейін «Алматы Даму Орталығы» АҚ-да басшылық қызметтер атқарды. Соңғы лауазымы - «Алматы даму орталығы» АҚ басқарушы директоры.



Соңғы жаңалықтар