«Алматы спорттық жобалары дирекциясының» жаңа басшысы тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы спорттық жобалары дирекциясы» директоры Илья Оразақов қызметінен кетті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ол «Алматы» телеарнасының бас продюсері қызметіне тағайындалды. Айта кету керек, ол еңбек жолын «Tamos Education» ЖШС арт директоры қызметінен бастаған. Кейін «Хабар» арнасында, «31» арнада диктор болып жұмыс істеген. «Алматы спорттық жобалары дирекциясы» директоры болып Әсет Әбдуәлиев тағайындалды. Ол спорттық жобалар дирекциясына келмес бұрын «Нұр Отан» партиясының саяси менеджмент мектебін басқарып келген.

Соңғы жаңалықтар