«Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директорын күзетпен ұстау мерзімі ұзартылды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Принбековты күзетте ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 14 маусымдағы қаулысымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау мерзімін 3 айға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініш қанағаттандырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, биыл сәуір айында «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Принбеков 15 маусымға дейін қамауға алынған болатын.


Соңғы жаңалықтар