Алматы сотындағы жаңа жобалар істі қарауды жылдамдатады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 4 айдан бері Медеу аудандық сотында «Түнгі сот» және «Тараптарды мәмілеге келтіру» пилоттық жобалары жүзеге асырылып жатыр. Бұл істі қарауды жеңілдете түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пилоттық жоба жұмысты қысқартып ғана қоймай, судьялар жүгін жеңілдетпек. Бұл туралы қалалық сот  алаңында өткен пилоттық жобаларды іске асыру жөнінде өткен баспасөз мәслихатындаайтылды.

Жаңа жобаларды жүзеге асыру барысында  210 арыз-талаптың  123-сы қаралған. Оның ішінде некені бұзу, мүлікті бөлу, қарызды өндіру, жалақы, тұтынушылар құқығын қорғау, жер дауы кездеседі. Аталған істер бойынша сотқа 1 млн 77 мың теңге  көлемінде мемлекеттік баж қайтарылды.

«Жобаны іске асыру үшін Медеу аудандық сотын таңдалды. Себебі бұл жерде қаладағы қылмыстық істердің көп бөлігі осында қаралады. Пилоттық бағдарлама аясында тараптарды ымыраластыру - жағдайға баға беріп, болашақты болжай отырып мәселені таразыға салуға, уақытты үнемдеп 5 күн ішінде шешім шығаруға септігін тигізеді. Егер екі жақтың бірі ымыраластыру шарасын қатысудан бас тартса немесе 5 жұмыс күні өткенше сотқа келмесе онда іс бұрынғы тәртіппен қарауға сотқа жіберіледі», - деді Медеу ауданы сотының төрағасы Әсет Боранбаев. 

Айта кету керек, Медеу аудандық соты жоба аясында ымыраластыру шарасына қатысушыларға сауалнама жүргізді. Сұраққа жауап берушілер медитацияны жаңғырту жайлы пікірлерімен бөліскен. Нәтижесінде 11 мамыр мен 25 қыркүйек аралығында 123 анкета келіп түскен. Олардың бәрі бір ауыздан жобаға қолдау білдірген.

«Түнгі сот - пилоттық жоба. Ол кешкі сағат 18.30-дан 21.30-ға дейін жұмыс істейді. Жоба арқасында сот қаулысының орындау мерзімі қысқартылып, сақтандыру төлемін алу 15 күнге қысқарды. Бағдарлама бойынша азаматтардың істерін қарау үшін олар уақытында сотқа келуге міндетті. Істі кешкі уақытқа ауыстыру үшін екі жақтың да келісімі керек», - деді Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының әкімшілік сотының төрағасы Бақытжан Тәжіханов.

Соңғы жаңалықтар