Алматы соты «Теле2» компаниясының әрекетінен антижарнаманың белгісін таппады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық соты «Теле2» компаниясының әрекетінде антижарнаманың белгісі жоқ деп тапты.

Даудың басы Әл-Фараби көшесінде орналасқан үйдің қабырғасында «Кселл» АҚ және «Теле2» АҚ қатар ілінген жарнамалық баннерлерінен басталды.

«Кселл» АҚ мен А.Шин деген азаматтың пікірінше, сырт көзге қарағанда жарнамадан «Кселл» АҚ «теле2» компаниясын ұсынады деген мағынаны аңдауға болады.

Осыған байланысты "Кселл" АҚ компаниясы «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Теле2) компаниясының антижарнамалық әрекетіне шағымданып, сотқа шағым түсірген болатын.

Сот аталған баннерден антимонополиялық заңнаманы бұзу дерегі жоқтығын, бұл слоганды орнатуға заң бойынша тыйым салынбағанын айтып өтті.

«Теле2» басшылығы болса, Қазақстан заңнамасы бір жарнаманың қасына екінші жарнаманы орнатуға ешқандай шектеу қоймайтындығын жеткізді.

«Біз мұндай кезде дауды әкімшілік тәсілмен шешуге қарсымыз. Қарсыластарымыз бізден ақылы мен шығармашылығының арқасында асып кетсе, онда оны лайықты жауап деп санаймыз», - деді Қазақстан «Теле2» басқарма төрағасы Пиетари Кивикко.

Соңғы жаңалықтар