Алматы соты Меруерт Түсіпбаеваны айтқан сөзі үшін жауап беруге шақырып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада Алматыда белгілі дизайнер әрі продюсер Жадыра Сахиева мен әнші Меруерт Түсіпбаеваның арасындағы дау-дамайға қатысты сот отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске салсақ, Жадо есімімен танымал Ж.Сахиева телеарналардың бірінде М.Түсіпбаеваның стиліне қатысты пікір білдіремін деп басы дауға қалды.

Әнші мұның есесін қайтару үшін өзінің Іnstagram-дағы парақшасына дизайнерге арнап жазба қалдырды. Түсіпбаева Жадоның басына тюрбан, үстіне тор көзді көйлек киіп түскен суретін орналастырып, оған дұрыс киінуге әрі арықтауға кеңес берген еді.

«Ал тюрбан дегендi етегi бар киiммен кию керек, Жадо! Джинсымен емес. Тор көзді көйлекке мынау ала орамал сәйкес келмейдi! Кейде миды жұмыс істету қажет. Түсінемін, 10 сыныптық біліммен алысқа бармайсың. Онсыз да саған істейтін іс жоқ. Біздің Жүргенов атындағы академияға түс. Онда Камила Асхатқызы талғамыңды ретке келтіреді. Семіріп, әліңді білмей әлек болғанша сауатыңды аш! Ешқашан кеш емес. Бір ғасыр өмір сүрсең де, бір ғасыр білім ал!»,-деп жазған еді ол.

Бұдан кейін Жадо өмірде оқып-тоқығаны барын көрсету үшін Түсіпбаеваны сотқа берген. Дизайнердің Іnstagram-дағы ресми ауккаунтында Алматыда сот отырысы өтетіндігі жазылды.

«Біз әрбір айтқан сөзіміз үшін жауаптымыз! Оның арғы күні Алматыда дизайнер @jado.sakhi мен әртіс, әнші М.Түсіпбаева арасында сот отырысы өтеді. Еске салсақ, Түсіпбаева дизайнерді білімі таяз және «арық емес» деп атаған еді...Бұл әрине, қоғамда шу шығарған еді», - деп жазылған онда.

Соңғы жаңалықтар