Алматы соты Қырғызстанның экс-депутатын қамауда ұстау мерзімін ұзартты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Арнайы операция барысында ұсталған Қырғызстанның Жогорку Кенешінің бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбекті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Экс-депутаттан бөлек, Қырғызстанның тағы екі азаматы Уланбек Мурадилов пен Эмилбек Кочорбаев та 15 шілдеге дейін қамауда болады. 

Еске салайық, ағымдағы жылдың ақпан айында оңтүстіктегі 3 облыс пен Алматы қаласында жүргізілген арнайы операция барысында 35 адам ұсталды. Олардың арасында кеден органының, шекара қызметінің лауазымды тұлғалары, брокерлер, делдалдар, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері бар. Арасындағы үшеуі Қырғызстан азаматы. Оның бірі - Қырғызстанның Жогорку Кенешінің депутаты Дамирбек Асылбек. Кейін ол мандатынан айырылды. Сот санкциясымен 35 күдіктінің 33-і қамауға алынды.

Арнайы операция барысында мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қытай аймағында орналасқан Алтынкөл, Қалжат және Қорғас кеден бекеттері, Қазақстан-Қырғызстан аймағында орналасқан Қордай мен Қарасу бекеттері мен Қазақстан-Өзбекстанның Сарыағаш, Қазығұрт, Атамекен, Қапланбек шекара аймақтары арқылы  тауарларды контрабандалық жолмен тасымалдау анықталған.


Арайлым Жолдасбай

Соңғы жаңалықтар