Алматы соты әлеуметтік желіде тараған "мас судьяның" видеосына қатысты тексеруді бастады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық соты әлеуметтік желірде жарияланған «мас ер адамдарға» қатысты қызметтік тексерісті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін әлеуметтік желіде қоғамның қызу талқысына түскен бейнежазба жарияланды. Оны таратушылардың пікірінше, бейнежазбадағы тұлғалардың ішінде Алмалы аудандық сотының судьясы бар. Осы оқиға бойынша Алматы қалалық соты қызметтік тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлаймын»,- деп жазды Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын Facebook -тегі парақшасында.

Бейнежазба Telegram каналдың бірінде жарияланды.

«Осында отырған адамдардың бірі Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының судьясы», - делінген сипаттамада.


Соңғы жаңалықтар