Алматы-Шелек-Қорғас тасжолында көлік апатынан екі адам мерт болды

Фото: None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат- Алматы-Шелек-Қорғас тасжолында көлік апатынан екі адам мерт болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«18-ші тамыз күні сағат 13:40-та Алматы-Шелек-Қорғас тасжолының 109-шы шақырымында көлік апаты болды. 27 жастағы «Хюндай Соната» көлігінің жүргізушісі бір бағытта келе жатқан «Деу Нексия» көлігіне соқтығысқан. Салдарынан «Деу Нексия» көлігі жолдың жиегіне аударылған. Оқиға орнында аталған көліктің екі жолаушысы мерт болды»,- делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қазір аталған оқиғаға орай ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы 4-ші тармағы бойынша іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалған.


Соңғы жаңалықтар