«Алматы-Шелек-Қорғас» автожолы жабылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 11:00-ден бастап ауа-райына (көк тайғақ, тұман) байланысты «Алматы-Шелек-Қорғас» республикалық маңызы бар ақылы автомобилді жолының 25-ші мен 110-ші шақырымы барлық көліктерге жабылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен қатар Үшарал-Достық жолының бірнеше шақырымы жабылды.

«Қазақавтожол» РМК Алматы облысы бойынша филиалының және «Казахавтодор» ЖШС Алматы облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша, 2020 жылғы 12 желтоқсан 10:15 сағаттан бастап ауа-райына (қатты боран, көріну жағдайы қиындауына) байланысты «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолдың 83-ші мен 184-ші шақырымында барлық көліктерге жабылды», - делінген Алматы облыстық ТЖ баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесінде.

Ведомство өкілдері азаматтардан осы бағыт бойынша сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар