«Алматы-Шелек-Хоргос» автожолы ашылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Алматы-Шелек-Хоргос» авто жолы ашылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақавтожол» ҰК Алматы облысы бойынша филиалы және «Казахавтодор» ЖШС Алматы облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша «Алматы-Шелек-Хоргос» Республикалық маңызы бар автожолдың 25-ші мен 110-ші шақырымы барлық автокөлік түрлері үшін ашылды», - делінген Алматы облыстық ТЖ баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында.

Естеріңізге сала кетейік, 12-желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты аталған бақыт бойына жол жабылған болатын. Көк тайғақ пен тұман салдарынан барлық көліктердің жүруіне тыйым салынды.



Соңғы жаңалықтар