Алматы шекарашылары төрт айда 8 млн долларды шетелге әкетуге жол бермеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Алматы» шекара бақылау басқармасы жыл басынан бері 8 000 000 АҚШ долларын елден әкетуге жол бермеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы» 14 наурыздағы № 830 жарлығын іске асыру шеңберінде «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы Алматы қаласының авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен жылдың басынан бастап Қазақстан аумағынан 8 млн АҚШ долларынан астам валютаны әкетуге жол берген жоқ.

Осыған байланысты шекара қызметі Президент жарлығына сәйкес 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын сомада шетел валютасын әкетуге тыйым салынған еске салады.






Фото: www.gov.kz

Соңғы жаңалықтар