Алматы сайлаушылары өз таңдауларын қалай жасап қалай жатыр?

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Парламент Мәжілісі депуттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау басталды.

№501 сайлау учаскесіне еңкейген кәріден ес тоқтатқан жастарға дейін белсенді келіп жатыр.

Олардың кейбірі сайлауға бірінші рет келсе, кейбіреулері өз таңдауын алғаш рет жасап жатыр.

«Мен өз Отанымның тағдырына бейжай қарай алмаймын. Сондықтан, бүгін сайлау учаскесіне келуді жөн көрдім. Бұл өзіміздің әрі ұрпағымыздың болашағы. Мен сайлауға немеремді алып келдім. Өйткені, оған азаматтық көзқарасымды сіңіруді ұйғардым», - деді Наурызбай ауданының тұрғыны Амангелді Ысқанов.

Алғашқы екі сағатта аталған учаскеде 85 адам дауыс берді. Сайлаушылар легі әлі таусылар емес.

18 жастағы Мария Авсеенко үшін бүгінгі сайлау өте үлкен жауапкершілік.

Айта кету керек, Алматы қаласынан 114 үміткер тіркелген. Барлығы 532 сайлау учаскесі тіркелген. 578 сайлау комиссиясының 4046 мүшесі сайлаудың ұйымдастыруға жауапты болып жатыр. Дауыс беру процесінің әділ өтуін 301 халықаралық бақылаушы қадағалап жатыр.

Соңғы жаңалықтар