Алматы сайлау комиссиясы кейбір учаскелердің кабинаcында неге перде жоқ екенін түсіндірді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда орналасқан кейбір сайлау учаскелеріндегі кабиналарда перде болмады. Бұл қашалықты заңды? Алматының аумақтық сайлау комиссиясы жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандағы сайлау туралы» заңда жасырын дауыс беруге арналған кабиналарда міндетті түрде перделердің болуы туралы талап көрсетілмеген. Бірақ заңның 8-бабына сәйкес дауыс беру құпия түрде жүзеге асады. Бұл сайлаушылардың еркін дауыс беруіне қандай да бір бақылау жасау мүмкіндігін жоққа шығарады. Сонымен қатар учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру кезінде ешкім қатыспауы және көрмеуі керек деген ережені сақтайды»,- делінген хабарламада.
Сондай-ақ Алматының аумақтық сайлау комиссиясының өкілдері сайлау күні учаскелерде үгіт-насихат жүргізуге болмайтынын еске салды.
«ҚР Сайлау туралы заңның 32-бабына сәйкес, сайлау күні және оның алдындағы күні кез келген сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады. Сайлау учаскелерінде мұндай фактілер анықталса, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары дәлелдер болған жағдайда заң бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін қажетті шараларды қолдануға құқылы», - деп атап өтті АСК өкілдері.


Соңғы жаңалықтар