Алматы саябақтарында тегін тренажерлар пайда болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Орталық демалыс және мәдениет саябағында жақын арада тегін тренажерлар орнатылады.

Бұл туралы Астана күні қарсаңыда өткізілетін шаралармен таныстыру барысында«Демалыс» МКК директорының орынбасары Ажар Хабиева айтты. «Бұл әлеуметтік жобаны біздің серіктестеріміздің бірі «World Class Fitness» клубы мен АТФ банкі қолға алып отыр. Жақын арада орталық саябақта жасөспірімдерге арналған көше тренажерлері пайда болады. Жастарға арнап пресс-шынықтырғыш, турникет және өзге де спорттық құрылғылар орнатылады. Бұл жастардың салауатты өмір салтын ұстануына түрткі болмақ», - дейді А. Хабиева. Маманның айтуынша, бұл жаңалық биыл жазда жүзеге асуы мүмкін. Қазір аталған алаңның өлшемдері алынып, эскизі әзірленуде.

Соңғы жаңалықтар