USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Алматы сауда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті

2021 жылғы 1 наурыз 16:24
Бөлісіңіз:
Алматы сауда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде болған төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Видео кадрларынан төбелестің балалар ойын алаңында болғанын байқауға болады.

Төбелескендерді полиция қызметкерлері мен ер адамдар ажыратуға тырысып жатыр.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бейнежазбаның тексерілгендігін хабарлады.

«Бұл дерек ҚР ӘҚБтК 73-бабы «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бойынша тіркелді» деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда ер адам дезинфекция жасап жүрген жұмысшыға пышақ ала жүгірген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT