Алматы-Сарыөзек жолында жүргізушіні пышақтап, көлігін мініп кеткен күдікті ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында көлік жүргізушісіне пышақтаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 мамыр күні «Алматы-Сарыөзек» автожолының 159-шақырымында Қарашоқы ауылының тұсында Жамбыл ауданының тұрғынына қарақшылық шабуыл жасалған. Жүргізушіні бірнеше рет пышақтаған күдікті оның автокөлігін мініп, қашып кеткен. Тәртіп сақшылары бір тәулік ішінде қылмысқа қатысы бар адамды анықтап, ұстады.

«Алматы қаласының 1998 жылы туған тұрғыны күдікке ілінді. Ең алдымен зардап шегушінің көлігі Сарыөзек кентінің маңында алдыңғы дөңгелегі жарылған күйде табылды. Бірнеше сағат өткен соң қарақшылық жасады деген күдікке ілінген азамат Үштөбе қаласында қолға түсті. Ол кінәсін толық мойындады», - деді Кербұлақ ауданы Полиция бөлімінің бастығы Ербол Айтқалиев.

Қазіргі уақытта адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында қылмыстың барлық мән-жайы анықталатын болады. Ұсталған күдікті аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.


Соңғы жаңалықтар