Алматы салық органдарына келгендерге шай берілетін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда салық органдарының қызмет көрсету деңгейін жақсарту мақсатында Жетісу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында пилоттық жоба басталды, деп хабарлайды ҚазАҚпарат тілшісі.

Бүгін аталған жоба ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаевқа таныстырылды. Енді аталған басқармада салық төлеушілерге қызмет көрсету алаңы бірнеше бөлікке бөлінетін болады.

«Құрмет» топтамасы бойынша егде жасқа келген азаматтарға өз жасына жақын қызметкерлер қызмет көрсетіп, ұзақ күтетін жағдайда ыстық шай береді.

«Старт» топтамасы жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлерге заңнамалардың қыр-сырын түсіндіруге арналған.

Баласымен келген азаматтарға «Балапан» топтамасы бойынша қызмет көрсетіледі. Яғни, ата-анасы салық қызметін алып болғанша, балалары арнайы алаңда ойнайтын болады.

«Әлеуметтік» топтамасына сәйкес 1 қабатта мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетілетін болады.

«Профи» топтамасы бойынша кәсіби білікті есепшілерге алаң бөлініп, тәжірибелі қызметкерлерден қызмет ала алады.

«Прогресс» топтамасы бойынша тек терминал арқылы электронды қызметті пайдаланатын азаматтарға қызмет көрсетіледі.

Айта кету керек, Жетісу аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы күніне 500 адамға қызмет көрсетеді.  Бұл пилоттық жобаға көпшілік оң бағасын беріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар