Almaty resort шипажайының құрылғанына 55 жыл толды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті Іс Басқармасына қарасты Almaty resort шипажайының құрылғанына 55 жыл! Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде шипажай Қазақстандағы маңдайалды емдеу-сауықтыру орталығына айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2012 жылы мекемеге бесжұлдызды қонақүй мәртебесі берілді. Алатаудың баурайындағы шипажайдың артықшылығы - оның үш мың метр тереңдіктен алынатын минералды суы, емге пайдаланатын Тұзкөл балшығы, жайқалып жатқан саябағы. Айтпақшы, сәулетшілер ғимараттың терезелерін арнайы әсем саябақ пен асқар тауға қаратып салған. Бүгінде бұл шипажайда жылына он мыңға жуық адам емделеді. Шипажайдың 55 жылдық қызметі - тұрақтылық пен сапаның айқын көрінісі. Емдеу-сауықтыру кешенінің қалыптасуына және дамуына сүбелі үлес қосқан барлық әріптестерімізді бүгінгі атаулы күнмен құттықтаймын. Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақ-береке тілеймін», - деп жазды Президенттің Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев телеграм каналында.


Соңғы жаңалықтар