Алматы прокурорлары жүзден астам порнографиялық мазмұндағы сайтты бұғаттады
2022 жылғы 20 мамыр 11:44

Алматы прокурорлары жүзден астам порнографиялық мазмұндағы сайтты бұғаттады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және заңбұзушылықтардың алдын алу бойынша тиімді шаралар әзірлей отырып, мәселеге егжей-тегжейлі талдау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Прокуратураның мәліметінше, соңғы кездері балаларды қорлау мен олардың мүдделеріне қарсы заңсыз әрекеттер көбейген. Сондай-ақ, қалалық прокуратура балалардың тыйым салынған интернет сайттарға еркін кіруі - қорлау мен сексуалдық әрекеттердің таралуына ықпал ететін триггерлердің бірі екенін анықтады. Олар жыныстық зорлық-зомбылықты, қатыгездікті, жыныстық белсенділікті ерте жастан насихаттайды.

«Ағымдағы жылдың өзінде прокурорлар 100-ден астам порнографиялық мазмұндағы сайтты анықтап, бұғаттау шараларын іске асырды. Қазір бұл жұмыс белсенді түрде жалғасып жатыр. Бұл жұмысты күшейту үшін уәкілетті органдарға прокурорлық қадағалау актісі енгізілді», - делінеді прокуратураның хабарламасында.

Осы орайда, Алматы қалалық прокуратурасы ата-аналарды балаларының виртуалды өмірін үнемі қадағалап, мінез-құлқына назар аударуға шақырды.

Айта кетсек, биыл Ақтөбеде балаларға қатысты 11 сексуалдық зорлық-зомбылық дерегі тіркелді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT