Алматы прокуратурасы Ботаникалық бақтағы бағаларды арзандатты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының қоршаған ортаны қорғау прокуратурасы «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК қызметтерінің тарифын қайта қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құзырлы орган ботаникалық баққа кіру ақысын қалыптастыру кезінде  ерекше күзетілетін табиғи территориялар туралы ереже және салық заңнамасы бұзылғанын анықтады.

Бұған дейін мектеп оқушыларына кіру ақысы  - 100 теңге, студенттерге - 200 теңге, ересектерге - 350 теңге, кино, телебағдарлама түсіруге - сағатына 5000 теңге, фото түсіруге - сағатына 3000 теңге, той көліктерінің кіруіне - әр көлікке 1 мың теңге, өсімдіктердің түрін анықтауға - 1 данаға 1200 теңге, өсімдіктерді күту бойынша кеңес үшін сағатына 1500 теңге болатын.

Прокурорлық тексерудің арқасында бұл тарифтер төмендеді. Енді ересек адамдар 240 теңгемен баққа кіре алады. Кино, видео түсірілімге - 2400 тг, фототүсірілімге -1200 тг төленеді.

Айта кету керек, 28 маусымда қалалық әкімдікте Ботаникалық бақты түрлендіру концепциясының тұжырымдамасы талқыланған болатын. Аталған мәселе қоғамдық талқылауға да ұсынылды. Тұжырымдама қалалықтар тарапынан мақұлданған кейін 26 қыркүйекте қоғамдық кеңесте жобаның эскизі жан-жақты таныстырылды. Бұған дейін ҚР БҒМ балансында саналып келген ботаникалық бақтың инфрақұрылымдық қамтуы Алматы әкімдігінің меншігіне өтті. Ал бақтың ғылыми жағы ҚР БҒМ қарауында қалды.

 

Соңғы жаңалықтар