Алматы прокуратурасы автотұрақ құнын арзандатты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы прокуратурасының ықпалымен қаладағы ақылы автотұрақтардың тарифы төмендетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, сауда үйлерінің қасында тұрақ құны сағатына 300 теңге емес, 100 теңгеге түсірілді.

Қаланың коммуналдық меншігіне жататын адам көп шоғырланған жерлерде тұрақ құнын бақылаудан өткізу кезінде прокуратура органдары мұндай ақының болуы негізсіз деп тапты.

ҚР Жол қозғалысы туралы заңнамасына сәйкес, Алматы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қыркүйегіндегі қаулысымен мұндай қызметтерге сағатына 100 теңге тариф бекітілген.

Әсіресе, Солүстік айналма жолындағы 14 базар («Алатау-1», «Алатау-2», «Алмалды», «Ақбұлақ», «Арлан», «Байсат», «Барыс», «Батыр», «Болашақ», «Казына», «Олжа», «Рахат», «Сәлем», «Ялян»), Адем сауда үйі маңында автотұрақ құны сағатына 300 теңге болып келген.

Прокурорлық актінің нәтижесінде қалалық Мобильділік басқармасы арқылы тұрақ құны жергілікті атқару органының бекіткен тарифіне сай өзгертілді.

Соңғы жаңалықтар