Алматы прокуратурасы 167 пәтердің жарығы заңсыз ажыратылғандығын анықтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Тау самалы» тұрғын үй кешенінің 167 пәтерінде электр энергиясы заңсыз ажыратылған. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС 26 ақпанда аталған тұрғын үйдің 340 тұрғынының 6,4 млн. теңге көлемінде қордаланған қарызы болған соң электр энергиясын ажыратқан. Ал, біздің жүргізген тексеру бойынша 167 пәтер иесінің қарызы болмаған» делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Коммуналдық қызметттерді ұсыну ережесі бойынша қызмет ұсынушы тарап тұтынушыға өзге тұтынушылардың қарызын желеу етіп қызмет көрсетуді тоқтатуға болмайды.

Аталған дерекке байланысты қалалық прокуратура қызметкерлері компания басшылығына ереже талаптарын түсіндірді. Қазіргі таңда «Тау самалы» тұрғын үй кешінінің қарызы жоқ пәтерлеріне электр энергиясы қайта беріле басталды.

Соңғы жаңалықтар