Алматы прокуратурасы 104 жұмыскердің жалақысын өндіріп берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жетісу аудандық прокуратурасының араласуымен 104 жұмыскерге 89,2 млн теңге көлеміндегі жалақысы өндірілді. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Борышкер компаниялардың ішінде «Алматы-Бетон» 2014 жылдың екінші жартысынан бері ЖШС 268 жұмысшыға 62 млн теңге көлемінде қарыз екендігі анықталды. Прокурорлық тексеру нәтижесінде ҚР ҚК 152-бабының 3-бөлімімен (ҚР Еңбек туралы заңнамасын бұзу) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда. Сондай-ақ «Кыран-7» ЖШС 18 жұмысшыға 1 097 000 теңге, «Car Lux Service Group» ЖШС 18 жұмысшыға - 3 168 269 теңге, «Гордорремстрой» ЖШС 20 жұмысшыға 8 000 000 теңге көлемінде жалақы төлемеген. Прокурорлық актілердің арқасында азаматтардың конституционалдық құқығы қорғалып, жұмысшылардың жалақысы толығымен өндіріліп алынды.

Соңғы жаңалықтар