Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 366.43 EUR 420.11
RUB 5.58 CNY 52.87
Жаңалықтар

Алматы полициясы жедел жәрдемді өткізбеген жүргізушіні жазалады

2018 жылғы 14 маусым 17:37 734
Бөлісіңіз:
Алматы полициясы жедел жәрдемді өткізбеген жүргізушіні жазалады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жедел жәрдем көлігін өткізбеген «Ниссан» жүргізушісіне  жаза қолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көліктің улы газын кемітіп көрсеткен Audi-ға 800 млн еуро айыппұл салынды Ақтауда жүк көліктері иелеріне 500 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

Ниссан жүргізушісі дабыл қаққан жедел жәрдем көлігіне бетпе-бет келіп, жол бермей тұрғаны видеоға түсіп қалған.

«Әуезов аудандық ІІБ жол-патруль полициясының қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде көліктің иесі кім екені анықталды. 45 жастағы әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘқбК 598-бабының 2-бөлімі бойынша (Арнайы жарық және дыбыс сигналдары iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу)  7-15 АЕК көлемінде айыппұл салу қарастырылған», - деді Жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов.

Еске сала кетсек,  Instagram әлеуметтік желісіндегі @kris_p_almaty парақшасында бейнеролик жарияланған болатын. Онда көлік руліндегі әйел адам жедел-жәрдем көлігінің өтуіне кедергі жасап тұр. Видеоролик 45 мың көрілім жинап, онда осы оқиғаға байланысты көптеген сыни пікірлер жазылған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР ІІМ, Алматы, Оқиға, Көлік, Видео,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
Мұрағат