Алматы полициясының жас қызметкерлері ІІД слетіне қатысты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласының Ішкі істер департаментінде қалалық жас полиция қызметкерлері мен олардың тәлімгерлерінің Слеті болып өтті.
«Слетті өткізудегі басты мақсат - жас полиция қызметкерлерінің кәсіби тұрғыда қалыптасуында тәлімгерліктің рөлін арттыру және жұмыс бойынша тәжірибе алмасу. Тәлімгерлердің жас қызметкерлермен жұмысы еңбек үдерісінде, заңдар мен бұйрықтарды оқуда, іс жүргізу құжаттарын әзірлеуде, жемқорлық, парақорлық және қызмет мүддесіне қарсы опасыздық деректерін жоюда өте маңызды рөл атқарады», - деді Алматы қалалық ІІД Кадрлар жұмысы Басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Олжас Мырзабеков.
Слет барысында қала аудандарының Ішкі істер басқармаларының тәлімгерлері мен олардың қамқорлыққа алған жас полиция қызметкерлері, айдауыл қызметі батальоны, жедел ден қою арнайы жасағы өздерінің қызметтері бойынша есеп берді.
Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараға Ішкі істер бөлімдерінің ардагерлік ұйымдарының өкілдері және тәлімгерлер Кеңесінің мүшелері қатысты.
Слет жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлері дайындаған қызметтік роликтер тамашалаумен аяқталды.
- Алматыда жалдамалы пәтерден цифрлық техника мен әскери амуниция табылды
- Алматы азық-түлікпен қажетті көлемде қамтамасыз етілген – әкім
- Алматы Полиция департаментінің ғимаратына шабуыл алдын ала жоспарланған – шұғыл штаб
- Алматыда балабақшалар жұмыс істей ма
-
Президент ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК-нің қаза тапқан қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
-
Алматының коммуналдық қызметі қаланы тазарту жұмыстарына кірісті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам





