Алматы полициясының басшысы департамент ғимаратына кім шабуыл жасағанын айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Полиция департаментінің ғимаратына жасалған шабуыл - жоғары деңгейде ұйымдастырылған және арнайы дайындықтан өткен кәсіби содырлардың әрекеті. Бұл туралы департамент басшысы Қанат Таймерденов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз үшін лаңкестердің ғимаратқа кіруіне жол бермеу маңызды болды, өйткені олар Молотов коктейльдерін жаппай пайдаланды: егер өрт болса, полиция қақпанға түсер еді. Олар өте ұйымдасқан түрде бірнеше жерден: Масаншы-Қабанбай батыр, Масаншы-Қарасай батыр, «Николь» соборынан және осы аттас бұрынғы базардың аумағынан шабуыл жасады. Яғни, бізді бірден қоршап алды. Департамент периметрі бойынша қызметкерлерді орналастырдық. Мен осы уақыт бойы жұмыс орнында болдым. Ал нағыз қауіп төнген кезде, олар бізге оқ жаудырғанда, біз де шабуылдаушыларға қарсы оқ ата бастадық», – дейді Қанат Таймерденов.

Оның айтуынша, содырлар ғимаратты бұзып өту үшін бұрын өздері тартып алған КамАЗ-ды пайдаланған.

«Бұл шабуылға 1 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Олар жауынгерлік тактиканы біліп қана қоймай, оны өте жақсы меңгерген: ұрыс құрамаларын ұйымдастыруды, қалалық жағдайдағы ұрыс ережелерін жақсы білетін, дайындалған адамдар. Жақын маңдағы көпқабатты үйдің төбесіне снайперлерді орналастырған. Және олар бізге оқ жаудырды», — деді Алматы полициясының басшысы.


Соңғы жаңалықтар