Алматы полициясына GPS-бақылау орнатылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы қызмет барысында түрлі жаңа технологияларды енгізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, биыл қызметін атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне GPS-бақылау орнатылады. Бұл құрылғы учаскелік инспекторлардың қызметін қалтқысыз орындауын қадағалау үшін пайдаланылмақ.

Салтанат Әзірбек қалада 115 бейнекамера орнатылғанын атап өтті.

«Былтыр осы камералардың арқасында 1 218 қылмыс ашылды. 21 мың 564 әкімшілік құқықбұзушылық дерегі, 20 мың 801 жол ережесін бұзу дерегі анықталды. Осы жүйеге пәтерлер мен үйлерді тіркеп жатырмыз. 156 мың 877 нысан күзет қызметіне қосылған. Осы жұмыстардың арқасында қару ұрлау көрсеткіші 3,1 есеге азайған», - деді С.Әзірбек.

Оның айтуынша, «Қауіпсіз көше», «Қауіпсіз аула» бағдарламалары бойынша қала территориясының 95%-ы видеобақылаумен қамтылады.

2018 жылдың соңына қарай тұрғын үйлердің 25%-ында бақылау камерасы орнатылады.

«Аудандық ІІБ кезекшілері бейнекамераларға түсіп қалған күдікті тұлғаларды дәлме-дәл уақытта таба алады. Сонымен қатар жүйеде  бір жерге шоғырланған адамдарды, иесіз қалған пакеттер мен қораптарды анықтайтын функция бар», - деді С.Әзірбек.

Одан бөлек жол қауіпсіздігі ақпараттық жүйесін тағы 153 постқа кеңейту көзделген.

Соңғы жаңалықтар