Алматы полициясы жоғалып кеткен бойжеткенді көрші облыстардан іздестіруде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жоғалып кеткен бойжеткенді көрші облыстардан да іздестіруде. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады.

«Қазір бойжеткенді іздестіру жұмыстарының ауданы кеңейтілді. Көрші облыстардың ІІД-на хабарлама жіберілді. Бойжеткен ақпанның 2-і күні оқу орнынан шығып кеткен, содан бері ешкім көрмеді. Медеу аудандық полицияға анасы Рита хабарласқан. Кәмелетке толмаған жас бала жоғалған соң, іздестіру ісі бірден қолға алынды. Құрамына тәжірибелі криминиалистер кірген арнайы жедел топ құрылды. Қыздың айналасындағы құрбыларынан, туыстарынан сұрақ-жауап алынды. Анасының айтуынша, ол Мұрат Наурызбек деген жігітпен кездесуге кетуі мүмкін. Бұл кездесуге анасы рұқсат бермеген көрінеді. Қазір бұл нұсқа да тексерілуде», - деді Салтанат Әзірбек. Туғандары Айтолқын Ержанның жоғалғаны туралы әлеуметтік желілерде хабарлаған. «Достар, 12.05.1998 жылы туған Айтолқын Ержан 2 ақпанда Алматы қаласындағы үйінен шығып, қайта оралмады. Ол «Сымбат» колледжіне кеткен, оқудан кейін оны сағат 15.30-да Қонаев және Жібек жолы көшелері қиылысындағы аялдамада құрбылары көрген. Құрбыларының сөзіне қарағанда, Айтолқын «Саяхатқа» қарай бет алған, - делінген хабарламада. Іздестіріліп жатқан қыздың бойы 165-168 см, сымбатты, көзі қоңыр, шашы иыққа дейін, қоңырлау. Күлгін куртка мен қызыл жолағы бар жасыл шапка (киімі фотодағыдай), қара рюкзак, көк джинсы және қара угги етік киген. Ол базар ауданында жұмыс істейтін 1996 жылы туған Мұрат Наурызбековпен «Другвокруг» әлеуметтік желісі арқылы танысқан көрінеді. Бұл оқиғаға қатысты ақпараты бар азаматтарды пайдаланушылар 8 702 233 86 45 - Рита (анасы), 8 705 718 01 87, 8 777 355 89 70 - Азамат (ағасы) нөмірлері бойынша Айтолқынның туыстарымен хабарласуын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар