Алматы полициясы «Жібек жолы» базарына рейдке шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы қолды болған заттардың базарларда саудаға түсуіне жол бермеу үшін жедел-алдын алу шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алатау ауданында орналасқан «Жібек жолы» автобөлшек базары аумағында ҚР заңын бұзған азаматтарды, әсіресе  көші-қон саласындағы тәртіпке бағынбағандарды анықтау мақсатында тәртіп сақшылары рейд жүргізді.

«Рейдке ІІД және ІІБ  жеке құрамының 100 қызметкері атсалысты. Шара барысында  97 автобөлшек  сататын нүкте, 15 техникалық қызмет көрсету стансасы, ҚР ІІД базасындағы күдікті деген  82 адам, 34 автомобиль құралдары тексерілген. Рейд кезінде ҚР ӘҚБ туралы кодекстің  434, 440, 441, 449, 505, 517, 518, 519 баптары бойынша 64 әкімшілік құқықбұзушылық  анықталған. Алатау ауданы ІІБ-на  97 адам жеткізілсе,  оның 34-і көші қон заңын бұзған. Қабылдау бөліміне құжатсыз жүрген 9 адам қамалды»,-деді қалалық ІІД криминалды полиция басқармасы бастығы, полиция подполковнигі Есен Ысқақов.

Бұдан бөлек Алматы ІІД ұрланған заттарды сатқан немесе сатып алған азаматтар ҚР ҚК 196 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Соңғы жаңалықтар