Алматы полициясы жертөледе тұрып жатқан көпбалалы отбасыға көмек көрсетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция қызметкерлері жертөледе тұрып жатқан көпбалалы отбасыға көмек көрсетті.

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

1986 жылы туылған ана 4 баласымен «Сайран» ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің жертөлесінде өмір сүріп келген. Балалардың барлығы мектеп жасында, ең кішісі бір жасқа толмаған. Әкесі жергілікті ПИК-те аула сыпырушы болып қызмет етеді екен. Уақытша тұрғынжайды аталған ПИК қызметкерлері ұсынған.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл отбасыны «Мен және менің полицейім» шарасы барысында анықтаған.

«Балалар мектепке бармаған. Тұрып жатқан жерлері олар үшін өте қолайсыз. Күн суыған соң жертөле сыз тарта бастаған. Көршілері бұл отбасы мүшелерін тек жақсы жағынан сипаттайды. Ата-аналары ішімдік ішпейді. Балалар үнемі таза», -деді қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының жасөспірімдер полициясы бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева.

Қазір Әуезов аудандық әкімшілігінің қолдауымен аталған отбасыға уақытша пәтер берілді. Ал, балалардың мектепке орналасуы мен мекенжай бойынша тіркеуге алу мәселесі кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша ведомствоаралық комиссияның қарауында шешіледі.

Соңғы жаңалықтар