Алматы полициясы жедел жәрдемді өткізбеген жүргізушіні жазалады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жедел жәрдем көлігін өткізбеген «Ниссан» жүргізушісіне  жаза қолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ниссан жүргізушісі дабыл қаққан жедел жәрдем көлігіне бетпе-бет келіп, жол бермей тұрғаны видеоға түсіп қалған.

«Әуезов аудандық ІІБ жол-патруль полициясының қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде көліктің иесі кім екені анықталды. 45 жастағы әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘқбК 598-бабының 2-бөлімі бойынша (Арнайы жарық және дыбыс сигналдары iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу)  7-15 АЕК көлемінде айыппұл салу қарастырылған», - деді Жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов.

Еске сала кетсек,  Instagram әлеуметтік желісіндегі @kris_p_almaty парақшасында бейнеролик жарияланған болатын. Онда көлік руліндегі әйел адам жедел-жәрдем көлігінің өтуіне кедергі жасап тұр. Видеоролик 45 мың көрілім жинап, онда осы оқиғаға байланысты көптеген сыни пікірлер жазылған.

Не пропускает скорую помощь 😳🚨🆘 Что за люди 😡😡😡 Слов нет, такая ситуация тяжёлая в городе в связи с Менингитом, а люди только о себе думают. 389 BWB 02

Публикация от @kris_p_almaty Official 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty) 5 Июн 2018 в 12:16 PDT

Соңғы жаңалықтар