Алматы полициясы жастарға синтетикалық есірткінің зиянын түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат Алматы полициясы жастарға синтетикалық есірткінің зияны жайлы айтып берді. Профилактикалық шара «Алатау» мәдениет сарайында өтті.

Алматы полициясы бір шаңырақтың астында есірткіге қарсы әрі салауатты өмір салтын ұстанатын жастарды жинады. «Жасөспірімдер синтетикалық есірткінің, химиялық психологиялық белсенді заттардың зиянын толық біле бермейді. Нарколог дәрігерлердің айтуынша, синтетикалық каннабиноидтің ағзаға әсері өсімдік тұқымдастарға қарағанда 5 есе күшті. Бұл ақпаратты жастардың санасына жеткізу үшін қала әкімдігі, Білім беру басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы қолдау көрсетті»,- деді қалалық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Азамат Садыров. Жиынның соңы спорт қауымдастығының белгілі спортшыларының қатысуымен флеш-моб, ІІД ансамблінің орындауындағы концертке жалғасты.

Соңғы жаңалықтар