Алматы полициясы жасөспірім баланың өлімін тексеріп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жаттығу залында көз жұмған 15 жастағы баланың өліміне қатысты тексеруді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл оқыс оқиғаны Алмалы аудандық полиция басқармасының мамандары тексеріп жатыр.

«Баланың нақты неден қайтыс болғанын анықтау үшін сот медициналық сараптама тағайындалды», - деді полициядан.

Айта кету керек, қайғылы оқиға бүгін Алматыдағы жаттығу залдарының бірінде болған.

Қайғылы оқиға туралы психиатр, дәрігер Жібек Жолдасова Facebook-тегі парақшасында жазды.

Қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының хабарлауынша, бала жедел жәрдем келгенше жан тәсілім еткен.

Соңғы жаңалықтар