+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Алматы полициясы жалған нөмір таққан көліктерді анықтау үшін  рейдке шықты

2020 жылғы 4 желтоқсан 20:09
Бөлісіңіз:
Алматы полициясы жалған нөмір таққан көліктерді анықтау үшін  рейдке шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– А лматы қаласының полицейлері жалған нөмір таққан және қозғалтқышының дауысы қатты шығатын көліктерді анықтау бойынша рейд өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Боран салдарынан Үшарал-Достық жолы жабылды Атырауда жол апаты 58 жастағы әйелдің өмірін қиып кетті Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Алматы полициясы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау бойынша күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

«Осы күндері қалада рейд жүріп жатыр. Патрульдік полиция мен мамандандырылған батальонның жеке құрамы жалған нөмірлік белгілермен жүрген, мемлекеттік тіркеу нөмірлері жоқ, терезелерін қараңғылаған, сондай-ақ көліктерді заңсыз қайта жабдықтағандарды анықтап, ұстап жатыр. Сонымен қатар көлік құралдарын мас күйінде басқару фактілеріне ерекше назар аударылуда. Жүргізушілердің арасында жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіндер әлі де азаяр емес», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Оның айтуынша, тәрітп сақшылары өткен тәулікте қала жолдарында мас күйінде көлік жүргізген бес жүргізуші ұстады. Олардың екеуі бұған дейін көлік басқару құқығынан айырылса да тағы мас күйінде көлік тізгініне қайта отырған.

« Бір жүргізуші жалған нөмірлік белгі қолданғаны үшін жауапқа тартылды. Сонымен қатар өткен тәулікте автокөлік терезелерін қараңғылаудың 18 фактісі, автокөлік құралдарын құжатсыз жүргізудің 23 фактісі, апаттық жағдай туындатудың 4 фактісі, қарсы жолаққа шығып кетудің 2 фактісі және т.б. құқық бұзушылықтар анықталған»,– деп атап өтті Нұрлан Алмасбеков.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT