Алматы полициясы заңсыз айналымнан ірі есірткі партиясын тәркіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы заңсыз айналымнан ірі есірткі партиясын тәркіледі. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Түрксіб ауданының 35 жасар тұрғынын ұстаған полиция азаматтан салмағы 2 грамм болатын героин тәркілеген. Ұсталған адам есірткі затын сатушы кім екендігін айтып берді.

Ауданның 31 жасар тұрғыны героин сатумен бұрыннан айналысып келген.

«Айтуынша, ол есірткіні А. Есімді азаматтан әр грамын 7 мың теңгеден алғанын айтты. Күдіктіні ұстаған кезде іздеу тобы жатын бөлмеден 1 оралған қаптама тапқан», - деді Алматы қалалық ІІД есріткі бизнесімен күре басқармасының басшысы Азамат Садыров.

Жүргізілген сот-химиялық сараптама, пакеттегі заттың салмағы 1 келі болатын героин екенін растады.

Қазір күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды. Жедел іздестіру бөлімшелері сатып алушылардың тізімін тексеріп, Алматыға есірткі тасымалдау каналдарын анықтауға тырысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар