Алматы полициясы заңсыз ағаш кескендерді ұстады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы Арбат алаңындағы ағаштарды заңсыз кескендерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Полицияға берген жауабында жұмысшылар ғимарат иесінің ағаш кесуге рұқсат қағазы бар деп алдағанын айтқан.

«Ғимарат иесі шетелде болғандықтан, оның қаладағы өкілі ұсталды. Енді оған қатысты әкімшілік шара қолданылып жатыр», - деді әкімдіктен.

Айта кету керек, бүгін Жібек Жолы, 104 мекенжайындағы ғимарат иесі 4 жапырақтұқымдас ағашты заңсыз кесіп тастағанын хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар