Алматы полициясы үйлену тойында түсірілген видеоны тексеріп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Полиция бастығының ұлының үйлену тойында түсірілген» деген видеоны Алматы полициясы тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен тойдың видеосы пайда болды.

Бейнежазбадан тойға көп қонақ келгенін, қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, көптеген сыйлық ойнатылғанын байқауға болады.

Ойнатылған сыйлықтар ішінде бензин құюға арналған талондар да бар.

Видео авторы бұл полиция басшыларының бірінің ұлының тойы болуы мүмкін екенін айтты.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған видеоға қатысты қызметтік тергеу басталғанын мәлім етті.

«Автордың айтқан сөздері тағайындалған қызметтік тергеу аясында мұқият тексеріліп жатыр. Қызметтік тәртіпті бұзу анықталған жағдайда полиция қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шара қолданылады», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Видеодан алынған кадр
Соңғы жаңалықтар