Алматы полициясы үш баласымен далада қалған келіншекті уақытша баспанаға орналастырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы үш баласымен далада қалған келіншекті уақытша баспанаға орналастырды.

Оңтүстік Қазақстан облысынан келген 30 жастағы келіншекті 6,5, және 2 жастағы бүлдіршіндерімен қайыр сұрап отырған жерінен қала тұрғындарының бірі көрген.

«Ол айтқан мекенжайға учаскелік инспектор жіберілді. Инспектор әйелді балаларымен полиция бөлімшесіне жеткізді. Баймолданова күйеуімен «Қалқаман» шағын ауданында азаматтық некеде тұрып жатқан. Келіншек күйеуінің ішімдікке салынып, жиі қол көтеретініне шағымданған», - деді қалалық ІІД өкілі Майя Тоқсанова.

Әйел бұған дейін де бірнеше рет полицияға шағымданған екен. Наурызбай аудандық ІІБ қызметкерлері 1 айға дейін әйелді қорғау қағазын жазып берген.

Бірақ, бұл шаралардың ешқандай әсері болмаған.

«Әйелмен сөйлескен соң бірден оның үйіне барып, күйеуін медициналық сараптамаға апардық. Тексеру нәтижесінде оның жеңіл деңгейдегі мастықта екендігін анықтадық. Қазір Л.Баймолданова қаладағы үйлердің бірінде уақытша орналастырылды. Алатау аудандық ІІБ әлеуметтік қамқорлық көрсету органдарына хат жіберілді. Отбасыға тиісті көмек көрсетілді», - деді М.Тоқсанова.

Соңғы жаңалықтар