Алматы полициясы ТЖ режімін бұзған тұлғалардың есімін жариялады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы Төтенше жағдай режімін бұзған Алматы тұрғындарының атын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция Департаментінің хабарлауынша, Алматы ауданаралық әкімшілік сотында 15 әкімшілік материал қаралды.

ҚР ҚК 476-бабының 6-бөлімімен 3 дәмхана иесі - Касанов Х, Алахвердиев М, «Восход» сауда үйінің иесі Абубакир. С. жауапқа тартылды.

ҚР ӘқбК 476-бабының 1-бөлімімен (ТЖ кезінде қалаға кіріп-шығу тәртібін бұзған) - 11 таксист пен жолаушы (Сатиев Б.К., Изатов А.О., Керембаев Н.О., Еділбаев Е.Е., Сарсенов Б.У., Күлназаров Е.М., Усканова Б.К., Баймолда А.М., Есбаев М.Ж., Базарбаев К.Т., Ермекбаев Н.Т.) жазаға тартылды.

Бұл тұлғаларға сот шешімімен 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар