Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.05 EUR 428.25
RUB 5.84 CNY 54.65
Jańalyqtar

Алматы полициясы туристке таксиде ұмытып кеткен бейнекамерасын тауып берді

2019 жылғы 15 тамыз 09:18 83
Бөлісіңіз:
Алматы полициясы туристке таксиде ұмытып кеткен бейнекамерасын тауып берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Біріккен Араб Әмірліктерінен келген турист Рашид Абдулкарим Мұхаммед Кәрім Әлблоки өзінің бейнекамерасын таксиде ұмытып кеткен. Полиция қызметкерлері шетелдік азаматтың жоғалған затын тауып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БАӘ азаматы Бостандық ауданында орналасқан сауда-ойын-сауық орталығына бару үшін таксиге отырған. Діттеген жеріне жеткен ол көліктен түсіп қалған. Бірнеше метр жүріп өткен соң, ер адам таксиде «Canon» бейнекамерасын тастап кеткенін есіне түсіреді. Шетелдік азамат бірден «102» -ге қоңырау шалды. Кезекші оператор туристің өтінішін шет тілінде қабылдап алған.

Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, бірнеше сағаттың ішінде таксиді анықтап, бейнекамераны иесіне қайтарып берді. Өз кезегінде, Рашид Абдулкарим Мұхаммед Кәрім Әлблоки полицияға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

«Менің бейнекамерамды тез арада тауып берген полицияға өте ризамын. Бұл мен үшін өте маңызды», - деді шетелдік турист.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР ІІМ, Алматы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT