Алматы полициясы түнгі жарыс ұйымдастырылатын жерлерге камера орнатпақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда түнгі жарыс ұйымдастыратын жерлерге арнайы камера орнатылады. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалада мақсатты түрде жергілікті рейд жұмыстары жалғасып жатыр.
Соңғы үш күнде арнайы батальон қызметкерлері жол ережесін бұзған 115 мотоцикл жүргізушісін әкімшілік жауапқа тартты. 19 мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды.
«Одан бөлек көлікті заңсыз жабдықтауға байланысты, даусын зорайтатын құрал қойған жүргізушілерге қатысты шара қолданылады. Олар жиналатын жерлерге видеокамера орнатылады», - деді Қанат Таймерденов.
Айта кету керек, бұған дейін Алматыда екі блогер көлік жарыстырғаны үшін жауапқа тартылғанын жазған болатынбыз.
Олардың біреуі ұсталып, түсінік берсе, екіншісі әлі қашып жүр.
- Алиментті борышкерден баспанасы мен көлігі есебінен өндіріп алу жалғасады
- «Қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасы қоғам мен мемлекет үшін пайдалы – саясаттанушы
- Аида Балаева онлайн петиция бірыңғай платформасын құру үшін негізгі талаптарды атады
- Аида Балаева Қоғамдық кеңес мүшелерімен «ҚР Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылады
-
Орал тұрғыны өзге елден автокөлік айдап келемін деп 2 млн теңге жымқырған
-
Әділет министрлігінің биылғы басым міндеттері айқындалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам