Алматы полициясы түнгі уақытта жалғыз жүрген жасөспірімдерді қадағалауды күшейтпек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы желтоқсанның 22-24 аралығында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасын өткізбек. Полиция қызметкерлері қысқы демалыс кезінде компьютерлік клубтар мен дәмхана-барларды тексермек.

Шара барысында кәмелеттік жасқа толмаған жастардың алкогольді ішімдік пен темекі сатып алуына шектеу қойылып, үлкендердің қадағалауынсыз түнгі уақытта қыдырып жүрген жастардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылуда.

«Алға қойылған тапсырмаларды жүзеге асыруға ішкі істер департаментінің барлық қызметкерлері жұмылдырылады. Сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім басқармалары мен «Жас Отан», ҮЕҰ өкілдері ат салысады. Осындай акциялар кезінде көптеген жастар өздерінің өмірін қайта ой елегінен өткізіп, дұрыс жолға түсе бастайды», - деді қалалық ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы ювеналды полициясы бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева.

Соңғы жаңалықтар