Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.82 EUR 428.67
RUB 5.86 CNY 54.95
Jańalyqtar

Алматы полициясы террористік тұрғыдан осал нысандарды тексерді

2019 жылғы 13 тамыз 17:22 67
Бөлісіңіз:
Алматы полициясы террористік тұрғыдан осал нысандарды тексерді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қалалық Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы террористік қауіпі жоғары нысандарды тексеруді қолға алды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бизнес өкілдеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз мегополис аумағындағы терроризм тұрғысынан қауіп төндіретін осал нысандарды үнемі бақылауда ұстаймыз. Қалада 9 мобильді аудандық және бір қалалық топ бар. Біздің бүгінгі кездесуіміз тұтыну тауарларын сататын ең ірі сауда желілерінің бірінде өтті. Адамдар көп жиналатын жерді тексеру ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 қаулысымен бекітілген.Тексеру кезінде нысандардың инженерлік-техникалық беріктігіне, ескерту жүйелеріне, дабылдардың жұмысына, бейнебақылау камераларының жабдықталуына, эвакуация жолдарының болуына ерекше назар аударылады. Осылайша, нысандарда адамдардың қауіпсіздігі тиісті деңгейде болуы керек»,-деді Алматы қадлалық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Еркін Інкәров.


Тексеруден кейін, полиция қызметкерлері сауда орындарының 30-дан астам директорын жинап, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, осы сала жұмысшыларына қауіп-қатерлерден қалай қорғануға болатыны туралы бейнеролик көрсетілді.



«Террористік тұрғыдан осал нысандардың әрбір қызметкері террористік қауіп туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмін білуі керек. Мәселен, күдікті зат табылған кезде оны ұстауға, жылжытуға, кез-келген нәрсемен жабуға қатаң тыйым салынады. Мұны істеу үшін Сіз тиісті қалалық қызметтерге хабарлауыңыз керек. Сауда орталықтарының басшыларына терроризмнен қорғау талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», - деді полковник Е.Іңкәров.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT