Алматы полициясы студенттер жасағы үшін әлеуметтік жеңілдік жасауды ұсынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қалалық ІІД өкілдері студенттік құқық қорғау жасағының мүшелері үшін тегін жол жүру билеті, ұялы байланыс төлемдері мен оқу ақысын төлеуде жеңілдіктер қарастырылуы керек деп санайды. Бұл туралы ұсыныс қалалық әкімшілікке жолданып та қойды, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.

«Алматыда қазір 37 студенттер жасағы бар. Онда 1023 студент қызмет етуде. Олардың негізгі міндеті оқу орындарының маңында қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау болып табылады. Жыл басынан бері студенттердің қатысуымен 2 қылмыс ашылып, 216 әкімшілік құқықбұзушылық әшкереленген. Сондықтан, бізге қолғабыс көрсететін жасақ мүшелеріне әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылғаны жөн», - деді қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Төрехан Исин.

Сондай-ақ, студенттер жасағы сабақтан бос кезде көшелер мен саябақтар, адамдар көп шоғырланған жерлерде жаяу күзетшілік жасайды. Айталық, Медеу ішкі істер басқармасымен аптасына 30 студент 28 Гвардияшыл Панфиловшылар және М.Горький атындағы саябақта қоғамдық тәртіпті қадағалайды.

Соңғы жаңалықтар