Алматы полициясы Республика алаңы маңындағы жолдың жабылуын түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы Республика алаңының маңында жолдың жабылғаны туралы видеоға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде Сәтбаев көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында әскери КамАЗ, полиция көліктері мен жол талғамайтын машина тұрған видео тарады. Бейнежазбадан Республика алаңына қарай өтетін жолдың жабық екенін көруге болады.

Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық істі тергеу аясында аталған аумақта тергеу эксперименті жүргізілгенін мәлім етті.

«Біз азаматтардан үрейге берілмеулерін және тек ресми ақпаратты басшылыққа алуды сұраймыз», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар