Алматы полициясы пәтер тонаумен айналысып келген қылмыстық топтардың жолын кесті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы пәтер тонаумен айналысып келген 57 қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Полицияның мәлімдеуінше, қаладағы пәтер тонау дерегінің саны 12 пайызға азайған. Ірі материалдық шығындар келетін пәтер тонау фактілерінің саны да 50 пайызға кеміген. Мұндай қылмыстардың ашылу көрсеткіші де14 пайызға жетті.
Мамандардың айтуынша, бұған қауіпсіздік шараларының артуы себеп болып отыр.
«Мұндай мүліктік қылмыспен күрес түрі көп. Олардың бірі «қауіпсіз аула» жобасы. Аталған жобаның арқасында Алматы аулаларында 17 мың бейнекамера орнатылған. Заманауи құрал-жабдықтың арқасында тонаушылық қылмысты ашу бірнешеге жеңілдеді», - деді қалалық ІІД өкілі Жанболат Зиадин.
Полиция мамандары анықтағандай, пәтер тонаумен айналысатындардың көбі аймақ тұрғындары. Олар қалаға айына-жылына бір келіп, ойындағысын жүзеге асырып, бірнеше айға жоғалып кетеді.
«Жыл басынан бері 57 қылмыстық топ әшкереленді. Олардың мүшелерінің басым көпшілігі бұрын істі болғаны белгілі болып отыр», - деді Ж.Зиадин.
- Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус 2087 адамнан анықталды
- Атырау облысының әкімі жарақат алған полицейлердің халін біліп қайтты
- Алматыда жалдамалы пәтерден цифрлық техника мен әскери амуниция табылды
- Павлодар облысында ұстаздар қашықтан жұмыс форматына көшірілді
-
Алматы азық-түлікпен қажетті көлемде қамтамасыз етілген – әкім
-
Алматы Полиция департаментінің ғимаратына шабуыл алдын ала жоспарланған – шұғыл штаб
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам




